• Басты бет
  • /
  • "Ахмет Байтұрсыновтың әлемі мен рухани мұрасы" әлеуметтік жобасының қалалық байқауы
"Ахмет Байтұрсыновтың әлемі мен рухани мұрасы" әлеуметтік жобасының қалалық байқауы

Қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімдері Нурина Алмагүл Қабдулғалиқызы мен Меңдыбаева Шнар Жаманшалқызының жетекшілігімен 10 «А» сынып оқушысы Алимова Алина «Ахмет Байтұрсынұлы әлемі мен рухани мұрасы» әлеуметтік жобасы байқауының жеңімпазы атанды. Ұлы ағартушының 150 жылдығына арналған « Прозалық мәтінді үздік орындау» номинациясы бойынша Алина Жангелді ауданына Ахмет Байтұрсынұлының мұражай үйіне экскурсияға қатысты.Оған танымдық экскурсия өте ұнады және ұлы ағартушы Ахмет Байтұрсыновтың өмір сүріп, қызмет еткенін өз көзімен көрді. Алинаны құттықтаймыз, оған шығармашылық табыс тілейміз!